«Өткен жылдың қараша айында бір топ депутат Декларация қабылдауды ұсынып, осы құжатты Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылдаған болатынбыз. Сол ұсыныстың бірі - әуежайды Елбасының атымен атауға қатысты еді. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлының халқымыз тарихындағы рөлі зор, сондай-ақ мемлекетіміздің қуаттануында, әлемдік дәрежеде танылуымызда сіңірген еңбегі орасан. Сондықтан Мемлекет басшысы кез келген құрметке лайықты. Егер бізді қазір бүкіл әлем танып, мойындап жатса - ол Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік қызметінің сауаттылығы әрі негізділігі», - деп тоқталды депутат.
Осы орайда Қ. Сұлтанов Президенттің ерен еңбегін ескере отырып, елорда әуежайына Н. Назарбаев есімін беру қолдау лайық әрі дұрыс шешім екенін қадап айтты.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін депутат елдің маңызды нысандарын Елбасы есімімен атауды ұсынған еді. Бұдан бұрын хабарланғандай, Астана әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып аталды .