Осы тұрғыда бүгін Алматыда Суретшілер одағының мүшелері Елбасының өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды қолдайтындықтарын білдіріп, үн қатты.
Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Байтұрсынов еліміздің суретшілері әрқашанда халықпен бірге болу керектігін және референдумды қолдауға атсалысатындықтарын жеткізді. «Парламентте өткен жиыннан кейін, біз заңды түрде көтерілген бастамаға қолдау білдіре аламыз», деді ол.
Ал Суретшілер одағының мүшесі, өнертану ғылымының кандидаты Құрман Мұратаев: «Еліміздің тәуелсіздік алған 20 жыл көлемінде атқарған істері, кеше ғана көптен бері ұйымдастырылмаған ЕҚЫҰ Саммитінің елімізде өткізілуі -біздің Президентіміздің арқасы», - деді.