А. Квасьневский атап өткендей, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - заманауи Қазақстанның архитекторы.
«Сондай-ақ ол тәуелсіздік алғаннан бастап елді алға дамытқан көшбасшы болып табылады. Әрине, Қазақстанның бүгінгі жетістігі миллиондаған адамның, Қазақстан азаматтарының еңбегі. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев олардың көшбасшысы болды. Оның өз өкілеттігін тоқтату туралы шешімі - бұл ел тағдыры үшін үлкен жауапкершіліктің дәлелі. Н.Назарбаевтың тарихи еңбегі орасан. Ол Қазақстан келесі кезеңге өтуі тиістігін біледі. Және келесі кезең - демократиялық институттардың одан ары дамуы болып табылады. Мұндай қадамға бел буған санаулы ғана мемлекет басшылары бар», - деді ол.