Елбасының шақыруы бойынша Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келеді

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша 2012 жылғы 7 маусымда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Екі елдің басшылары екіжақты ынтымақтастық пен ықпалдастық өзара іс-қимылды дамытудың кең ауқымды мәселелерін талқылайды, өзара қызығушылық тудыратын халықаралық және аймақтық проблеманы қозғайды.