деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған жиын барысында Қ.Саудабаев Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың берік және дәйекті саясатының арқасында Қазақстанда «еліміз дамуының бүгіні мен болашағының берік іргетасы» болып табылатын қазіргі замандағы бірегей ұлтаралық және конфессияаралық келісім орнағанын атап өтті.
«Қазақстанның және оның көшбасшысының осындай оң тәжірибесі еліміздің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету сынды жауапты да құрметті мәртебеге ие болуына ықпал еткен факторлардың бірі болып табылады», деді ол.
Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы орыс және басқа этностар тілдерін қолдай отырып, мемлекеттік тілдің қайта жанданып, дамуына бағытталған Елбасының сындарлы саясаты - еліміздің үйлесімді және қарқынды дамуын қамтамасыз етудің темірқазығы екендігін баса айтты.