- Қ ымбат М ұқ ан қызы , Оқушылар сарайы жайлы, онда қазір қандай үйірмелер жұмыс істейтіні туралы айтыңызшы ?
- Бұл сарай 2011 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған. Біздің Елбасы нағыз стратег және қамқор көшбасшы ретінде болашақта қазақстандық элитаның негізін құрайтын жастардың білім алуына жақсы жағдайлар жасап келеді.
Қазіргі уақытта Оқушылар сарайында 9304 бала білім нәрінан сусындатуда. Олар 116 үйірме мен секцияға қатысады. Тәлімгерлердің 80%-ы бюджеттік топтарда білім алуда. Онда тұрмысы төмен жанұялардан шыққан, мүгедек, дарынды және өзге де балалар бар.
Сарайда зертханалар, 3Д технологиясын пайдалану арқылы панорамалық, сфералық және ғаламшарлық кескіндеме көрсетуге мүмкіндік беретін планетарий, обсерватория, медиаорталық, спорттық манеждер, жүзу бассейні, мұз алаңы және өзге де нысандар бар.
Балалар мұнда барлық сала бойынша түрлі зерттеу жұмыстарына қатыса алады.
Біз әрдайым шетелдік делегацияға саяхат ұйымдастырамыз. Шетелдік қонақтардың көбі біздің сарайымыздың материалдық-техникалық базасына таңданады. Олардың кейбіреулері әлемдік экономикадағы дағдарыс жағдайына қарамастан, осындай балабақшалар, мектептер мен өзге нысандарды салуға қауқарлы мемлекеттің болашағы жарқын деп айтады.
- Ахмет Байт ұ рсынов «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы» деген. Оқушылар сарайында балаларға тәрбие беретін педагогтар мен жаттықтырушыларға тоқтала кетсеңіз...
- Бізде барлығы 169 педагог жұмыс істейді. Олардың жартысынан астамының біліктілігі бірінші немесе жоғары деңгейде. Шамамен 20%-ы - екінші категориядағы мұғалімдер. Біздің қызметкерлеріміздің арасында ғалымдар, белгілі мамандар, музыканттар, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, солардың ішінде 5 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, Ресей суретшілер шығармашылығы орталығы мен Халықаралық суретшілер қауымдастығының 2 мүшесі, ҚР Суретшілер одағының 5 мүшесі, 4 Қазақстан мәдениетінің қайраткері, түрлі спорт бойынша Азияның және әлемнің 9 чемпионы, 13 ҚР спорт шебері және спорт шеберіне үміткер бар.
- Сіздердің Сарайыңызда балалар қандай үйірме немесе секцияға қызығушылық танытады?
- Спорттық секцияларға, сонымен қатар хореография, вокал және өзге де үйірмелерге басымдық береді. Соңғы кездері балалардың ғарыштық модельдеу мен робототехникаға деген қызығушылығы артып келе жатқанын байқаймыз. Мәселен, біздің балалар химия үйірмесінің жетекшісі ғылым докторы, профессор Ерлан Сүлейменмен бірлесіп, иіссу жасаған. Оның құрамында Қазақстан аумағында өсетін өсімдіктер бар. Сондай-ақ біздің оқушылар қағаз және жасанды бал өндірудің экологиялық таза технологиясын ұсынды.
Біздің құрастыру және робототехника секциямыз бұл саладағы шетелдік ұйымдармен әріптестік аясын кеңейтуде. Белоруссиялық және оңтүстіккорейлік робот құрастырушылармен ынтымақтастық орнаттық. Ғылыми-әдістемелік орталық құру жоспарда бар.
1,5 жыл қатарынан тәлімгерлер «I-Bala» балалар жорналын шығаруға қызығушылық танытуда. Ол медиаорталықта беттеледі. Онда журналистика үйірмесі, фото және видеостудия жұмыс жасайды.
Конькимен жүгіру секциясын ашудамыз. Болашақта тәлімгерлеріміз әлемдік сындарда Қазақстан қоржынын алқалармен толықтырады деген үміттеміз.
- Оқушылар сарайының болашақтағы жоспары жайлы, келесі жылы балаларды қандай жаңалық күтіп тұрғанын айтсаңыз
- Келесі жылдың басында «Ғылымның виртуалды мұражайы» атты жаңа жобаны іске қосамыз. Виртуалды технологиялар арқылы бізге келушілер әлемнің кез-келген жеріндегі әсем орындарды, түсі, көлемі және пішініне қарамастан өндірістік инфрақұрылымның нысандары мен ғимараттарын тамашалай алады. Енді балаларымыздың марста немесе Амазонка ормандарында болу арманы орындалады.
Тағы бір жаңалық Елбасының тапсыруымен жүзеге асатын «Интерактивті саябақ» жобасы. Оның мақсаты жастардың шығармашылық және ғылыми мүмкіндігін арттыру. Онда ғылым, техника, спорт және өнердің барлық салалары бойынша экспонаттар мен интерактивті стендтер кешені көрсетіледі. Бастапқы кезде саябақ алаңы 1400 шаршы метрді құрайды.
Біздің пікірімізше, бұл жобалар жастардың шығармашылық мүмкіндігін дамытады. Виртуалды мұражай мен интерактивті саябақ оқушылардың, студенттердің, балалары бар отбасылардың қызығушылығын арттырып, олардың бізге келуіне түрткі болады.
- Әңгімеңізге рахмет! Игі жұмысыңызға табыс тілейміз!