деп хабарлады ҚХА-ның баспасөз қызметі.
Оның жұмысына барлық өңірлерден Ассамблея мүшелері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің басшылары, Парламент депутаттары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, ҮЕҰ, шет елдер дипломатиялық миссиялары басшылары және ғылыми-шығармашылық интелегенция мен БАҚ өкілдері қатысады.
Сессия соңынан салтанатты концерт өтеді.
ҚХА XIХ сессиясы қарсаңында сағат 11.00-де Тәуелсіздік сарайында ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді, онда ҚХА-ның орта мерзімге арналған бірқатар өзекті мәселелері қаралатын болады.