Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Басқосуға Саяси кеңес Бюросының мүшелері, Үкіметмүшелері, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция өкілдері, партияның өңірлікфилиалдарының басшылары және олардың орынбасарлары, бастауыш партия ұйымдарыныңөкілдері қатысты.

Кеңейтілген отырыста күн тәртібіне сәйкес партияныңсайлауалды бағдарламасы мен съездерде қабылданған шешімдердің орындалу барысы,партия жұмысын жаңғырту және Саяси кеңес Бюросының құрамына өзгерістер енгізумәселелері талқыланды.

Елбасы ел дамуының стратегиялық мақсаттарына қолжеткізу үшін партияның қоғамды жұмылдыру үдерісінде маңызды рөл атқаратынынатап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев сайлау заңнамасын реформалаунәтижелеріне тоқталып, қабылданған пропорционалды жүйе озық әлемдік тәжірибегесай келетінін және демократияны дамытуға септігін тигізетінін айтты.

«Партияпроблемаларды нақты шешу жолдарын ұсынып, тиімді жұмыс істеуі керек, сондабеделіміз де артады, халық та қолдайды. Экономика мен саяси даму бағытындакөшбасшы атанған елдердің тәжірибесінен сабақ алғанымыз жөн», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы алдағы сайлаудыңконституциялық мерзімде өтетіндігін тағы бір мәрте атап өтті.

«ҚазірҮкімет пен бүкіл атқарушы билік білек сыбанып, «Nur Otan» партиясы мен жаңадансайланған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды уәделерінорындауға, адамдардың нақты проблемаларын шешуге тиіс. Ең алдымен, өңірлердежұртшылықпен тығыз жұмыс істеу қажет»,– деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Сенім. Диалог.Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысынжүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынды.

Атап айтқанда, Елбасы бағдарламаға сәйкес партияныңбелсенді мүшелерін топтастыру, жемқорлықпен күресті күшейту және партияданлайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдауды, барлық деңгейде партияоргандарының әлеуетін мейлінше жүзеге асыруды, биліктің барлық деңгейіндепартиялық жауапкершілікті арттыруды тапсырды.

«ПартияныңМәжілістегі фракциясының жұмысын барынша күшейту керек. Бұл партия міндеттерінорындаудың және атқарушы органдарға ықпал етудің негізгі тетігі. Фракцияныңмәртебесін көтеру үшін оның жетекшісі лауазымына Мәжіліс Төрағасы НығматуллинНұрлан Зайроллаұлын сайлауды ұсынамын. Ол Мәжілістің спикері ретінде алғақойылған мақсаттарға қол жеткізу және фракция жұмысын қайта жандандыру үшінбарлық ресурстарды жұмылдыра алады»,– деді Елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев халықпен нақтыжұмыс істеу қағидатын енгізуді, қарқынды ақпараттық-идеологиялық жұмыстыұйымдастыруды және партия төңірегіне жастарды біріктіру үшін шаралар қабылдаудыұсынды.

«Қазіргітаңда «жаңа» медиа саласында шындыққа жанаспайтын ақпарат таратушы арналаркөбейіп келеді. Жергілікті, қарапайым мәселелер республикалық деңгейге дейінкөтерілуде. Қоғамдық санада жалған түсінік қалыптасуда. «Nur Otan» өзініңақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарауы қажет. Партияның бұқаралықақпарат құралдары объективті және жедел ақпарат көздеріне айналып, халықтыңсеніміне ие болуға тиіс»,– деді партия Төрағасы.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті ел алдындатұрған экономикалық проблемаларға тоқталып, тұрақты өсімді қамтамасыз ететінжаңа шаралар ұсынды.

Атап айтқанда, Елбасы бизнес үшін салық ауыртпалығынтөмендету арқылы экономикаға салықтық ынталандыру тетіктерін енгізуді ұсынды.

«Сондай-ақ,бюджет саясатын қайта қарау қажет. Мемлекеттік сатып алулар ашық емес жәнесыбайлас жемқорлық жаппай белең алған салаға айналды. Құны 1,8 триллион теңгеніқұрайтын мемлекеттік сатып алулардың 65 пайызы бір көзден жүзеге асқан.Мемлекеттік сатып алулар туралы заңды өзгерту керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президентібелсенді сауда саясатын жүзеге асыру және қаржы секторын тұрақтандыру шараларынқабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазіргітаңда жасанды интеллект алдыңғы қатарға шықты. Оны тіршіліктің барлық саласынаенгізу ауқымы жағынан уранның бөлінуі туралы жаңалықты ашумен тең. Жасандыинтеллект денсаулық сақтаудан бастап, өндіріс пен қаржы секторына дейінгібарлық саланы түгел трансформациялайды. Жасанды интеллект жаңа әлемдік тәртіпорнатып, жаңа жаһандық көшбасшылар мен аутсайдерлерді айқындайды. Сондықтан бізоны қолдау үшін қазірден бастап ауқымды және жүйелі шаралар қабылдауымыз қажет», – деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев жасанды интеллектіні жан-жақтыдамытуға мүмкіндік беретін заңнамалық база әзірлеуді, сондай-ақ осы саланыкәсіпкерлік және ғылыми тұрғыдан қолдау үшін экожүйе қалыптастырудыұсынды.

«Партияныңкүнделікті жұмысын айтарлықтай жандандыру керек. Біз үлкен деректер мен жасандыинтеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықтың сұранысына алдын ала жауапберуді үйренуіміз керек»,– деді Елбасы.

Сонымен қатар, отырыс барысында партия Саяси кеңесі Бюросының жаңамүшелері ретінде «EgemenQazaqstan» республикалық газетінің басқарматөрағасы Д.Қыдырәлі және «Jas Otan»жастар қанатының көшбасшысы Д.Кәрібек сайланды.

Соңғы жаңалықтар