Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы басталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырысқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қатысып отыр.

Естеріңізгесала кетсек, 16 тамызда «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев 21тамыз күні Үкіметтің, партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының және өңірбасшыларының қатысуымен өтетін партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысыншақыру туралы қаулыға қол қойған болатын.

Сол күніҚазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Саясикеңесі Бюросының отырысын өткізіп, партияластарының алдында қандай міндеттертұрғанын атаған еді.

Отырысбарысында партия бағдарламаларының орындалу барысы мен алдағы кезеңге арналғанжұмыстың басым бағыттары қаралды.

Елбасы барлықазаматтарды мемлекеттің өткір әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшінпартияға қосылуға шақырды. Ел аймақтарындағы азаматтардың проблемаларын шешуде«Nur Otan» партиясының жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар,«Nur Otan» партиясының төрағасы Қоғамның партияға сенімін арттыру мақсатындаақпараттық-идеологиялық стратегияны қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.

Соңғы жаңалықтар