Елбасының жаңа Жолдауына орай әлеуметтік мәселелер шешімін табуда

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 21-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында Елбасының Қазақстан халықтарына арналған жаңа Жолдауы аясында әлеуметтік мәселелер бірінші кезекте шешімін табуда,

деп хабарлайды ҚахзАқпарат тілшісі.Аудан әкімі Ермек Мыржықбаевтың айтуынша, Астананың азық-түлік белдеуіне сәйкес «Қойгелді», «Нововладимировка» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері етті қара мал өсіруді қолға алды, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация қаржысына сыйымдылығы 12 мың тонна «Аршалы-жеміс» көкөніс қоймасының құрылысы қолға алынған. Өңірде барлық әлеуметтік бағдарламаларды дамыту мақсатына аудандық бюджеттен 50 миллион теңге қарастырылып отыр. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры шағын және орта бизнесті қолдау ісіне 83 миллион теңге бөліп, сол бойынша үш бизнес жоба шешімін табуда. Елбасының тапсырысына сәйкес ағымдағы жылы 240 жаңа жұмыс орны ашылады, 35 адам кәсіптік білімдерін жетілдіріп, 30-і әлеуметтік жұмысқа тартылады. Осы мақсатқа бюджеттен 15 миллион теңге бөлініп отыр.