Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Президенті 6-9 қараша аралығында ресми сапармен Жапонияда болады. Токиода Жапонияның императоры Акихитомен, Премьер-Министр С.Абэмен және іскер топтар өкілдерімен кездесу өтеді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Жапонияның Парламентінде және «Токай» университетінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Хиросимадағы Бейбітшілік мемориалдық саябағында болып, «Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы» арнаулы атағын салтанатты түрде тапсыру рәсіміне қатысады.
17:13, 05 Қараша 2016
Елбасының Жапониядағы қазақстандық студенттермен кездесуі жайлы архивтік видео жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың жапондық жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесуі жайлы архивтік видеоны жариялады. Бейнежазба 2008 жылы түсірілген.