Елбасының Жарлығымен Асқар Жұмағалиев ҚР көлік және коммуникация министрі лауазымынан босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.