Елбасының Жарлығымен Б. Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Б. Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылсын», - деп жазылған Жарлықта.