Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды;
Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды;
Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметінен босатылды және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты әскери қызметтен шығарылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.