Оған Қарасай ауданының әкімдігі мен Үшқоңыр ауылдық округының өкілдері, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері, бизнес субъектілерінің өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.
«Экономикалық даму - саяси дамудың тірегі және кепілі. Облыс бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары, 228 мың халқы бар, 30-дан аса ұлт өкілдерінен тұратын Қарасай ауданының халқы, Тәуелсіздік күні мерекесін толағай табыстармен қарсы алып отыр. Аудан экономикасын дамыту жолында кешенді шаралар іске асырылды. Нақтырақ айтқанда, үстіміздегі жылдың 10 айында өндіріс көлемі 109,7 пайызға артып, 138,8 млрд. теңгенің өндіріс өнімі, 29,6 млрд. теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері өндірілді.
Аудан экономикасына 85,7 млрд. тенге инвестиция тартылып, 559,7 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізілді. Экономикамыздың өркендеп, халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жолындағы жетістіктеріміздің бәрі - Тәуелсіздігіміздің арқасы», - деді өз сөзінде Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Жұмаділ Нұрсұлтан.
Салтанатты жиын барысында Қарасай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өркендеуі жолында атқарған белсенді қызметтері үшін бірқатар азаматтар марапатталды.
Ауданда білім саласында көп жылдар бойғы үздік қызметі үшін Ұлтусын Бархиноваға және аудандағы әкімшілік, шаруашылық басшылығы саласындағы көп жылғы үздіксіз қызметі үшін Бақберген Шалабаевқа «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағы, сонымен қатар, аудандық кітапханада көп жылдар қызмет істеген кітапхана әдіскері Ұлдархан Өтееваға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісі берілді.
Бұдан кейін жиналған қауымға ауданның көркемөнерпаздары мерекелік концерт берді.