- Мемлекет басшысы қолжетімді баспана туралы өте орынды міндет жүктеп отыр, деді ол. - Біздің облыста соңғы жылдары бұл салада айтарлықтай ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. - Бүгінгі таңда 131 құрылыс нысанын бастадық. Жыл соңына дейін оның 104-ін тапсыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде мектеп, аурухана мен балабақша және тағы да басқа әлеуметтік нысандар бар. Салынып жатқан құрылыстың сапасына ерекше мән беріліп, бұдан былай үш мердігерлерге үш санат бойынша талап қойылады. Олардың жергілікті базасы, техника саны мен мамандары талапқа сай болуы тиіс. Биыл перзентхана, Достық үйі, 7 үлкен жалдық және ипотекалық тұрғын үйлер салынады. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 17 млрд. теңге қаралса, оның 8,5-і республикалық, 8,6-сы облыстық бюджеттен бөлінеді. Ендігі мақсатымыз, қаралған қаржыны уақытылы игеру болмақ.
11:40, 27 Қаңтар 2012
Елбасының Жолдауы Қызылорда облысының құрылыс саласында да қолдау табады - Б.Қаракөзов
ҚЫЗЫЛОРДА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап болған облыстық құрылыс басқармасының бастығы Батыржан Қаракөзов аймақта құрылыс жұмысының бұрынғыдан да жандана түсетінін жеткізді.