Елбасының журналистермен әзілдескен сәтінен түсірілген видео жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің телерадио кешені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақордада журналистермен әзілдескен видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің телерадио кешені осы видеомен бірге елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің, сонымен бірге байланыс саласы мамандарының кәсіби мерекесіне орай құттықтауларын жеткізген.

«Қазақстан журналистік қоғамы бүгін кәсіби мерекесін атап өтуде. Журналист мамандығы өмірімізде ерекше орын алып, миллиондаған адамдардың сенімін тудырады. Ал кейбіреулері тіпті Президенттің сеніміне ие. Сіздердің назарларыңызға Президенттің журналистермен әзілдескен сәтінен үзіндіні ұсындық. Қымбатты әріптестер, баршаларыңызды мерекемен құттықтап, сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!», - деп атап өтілген ҚР Президентінің телерадио кешенінің құттықтауында.