— 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңге жыл сайын 3 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланған болатын. Алайда өңірлердің жылдық жоспарларды артығымен орындауына байланысты, жалпы алғанда, 2021 жылдан 2025 жылға дейін елді мекендерде 15,7 миллионнан астам ағаш отырғызылды, — делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарламасында.
Биыл көктемгі кезеңде (2025 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша) елді мекендер аумағында 1,4 миллион ағаш отырғызылды.
— Бұл жұмыс елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және еліміздің жасыл қорын ұлғайту мақсатында жалғасатын болады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Жамбыл облысында орманды алқапқа 143 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланғаны туралы жазған едік.