АСТАНА. KAZINFORM — 9 наурызда Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын Елдана Талипова (81 келіден жоғары) сәтті бастады.
Елдана 1/8 финалда Елдана Талипова өзбекстандық Олтин Сотимбаевамен шеберлік байқасты.
Ол қарсыласын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі) әлем чемпионаты 1/16 финалында кениялық Нзиваны жеңді. Келесі айналымда Алуа марокколық Мутаккимен 11 наурыз күні күш байқасады.
Команда сапында Алуа мен Елданадан өзге Назым Қызайбай (48 келі), Анита Адишева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) сынға түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.