АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) алтын медаль алды. Ол финалда үндістандық Киранмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді.
Сондай-ақ әйелдер құрамасынан Виктория Графеева 60 келі салмақта алтын алса, Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) финалда қарсыластарына есе жіберді.
Ерлер құрамасынан боксшылар 2 алтын, 5 күміс алды. Құрама сапынан Диас Молжігітов(80 келі) мен Төрехан Сабырхан (70 келі) халықаралық турнирде чемпион атанды. Ал Дулат Бекбауов (65 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі), Бекзат Таңатар (85 келі) мен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтті. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.