АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) әйелдер арасындағы әлем чемпионатында финалға шықты.
Ол жартылай финалда молдовалық Дарья Сазоновамен шаршы алаңға шықты.
Жекпе-жек қос қарсыластың тартысты бәсекесімен өрбіді. Десе алғашқы раундта төрешілер Елдананың жеңісін мойындады. Екінші раунд та қазақстандық боксшының басымдығымен аяқталды.
Нәтижесінде ол әлем чемпионаты финалына жолдама алды.
Қазірге дейін ел құрамасынан Виктория Графеева (60 келі), Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Аида Әбікеева (63 келі) финалға жолдама алды.
Финалдық жекпе-жектер 16 наурызға белгіленген.
Жартылай финалға дейін Жайна Шекербекова (54 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Надежда Рябец (75 келі), Анита Адишева (52 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) жарысты аяқтады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.