«Отандық телевизияда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, мемлекеттік қызметте де едәуір тәжірибе жинаған Эльдар Құсманұлы Бақпаев Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін «Хабар 24» телеарнасының директоры қызметін абыроймен атқарып келді. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!»,-деп жазды Берік Уәли.
10:48, 06 Қазан 2023
Эльдар Бақпаев ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.