Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі таратқан дерекке сәйкес, өндірістің ең жоғары көлемі Алматы облысына тиесілі — 23,3 мың тонна немесе жалпы өндірістің 66,3%.
Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы (6,0 мың тонна), Алматы қаласы (1,3 мың тонна) және Ақмола облысы (1,1 мың тонна).
— Өндірілген өнімнің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ (15,2 мың тонна) пен пломбир (14,3 мың тонна) құрады. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 80% астамына тең, — делінген статистикалық мәліметте.
Бұған дейін Қазақстанның қай қаласында балмұздақ бағасы жоғары екенін талдап көргенбіз.