Елде ауа температурасы 33 градусқа дейін жоғарылайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 3–5 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Астана әкімдігі

Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық қысымның жоғарылау аймағы қалыптасып, ауа райы негізінен құрғақ әрі аз бұлтты болады. Суық ауа массасының әсері біртіндеп әлсіреуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Алайда солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақыттағы ауа райы салқын болады.

Еліміздің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағаймен бірге қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Күндіз ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:

  • батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте 28… 33°С;
  • солтүстікте, шығыста және Қазақстанның орталығында 23… 30°С;
  • оңтүстік-шығыста 20… 27°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 10… 15°С.

Айта кетелік бүгін төрт қалада ауа сапасының нашарлайтыны белгілі болды