2026 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция тамызбен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа төмендеп, 9,3%-ға дейін баяулады.
Бір айдағы бағаның өсуі 0,6%.
Инфляцияны бәсеңдетудегі негізгі үлесті азық-түлік тауары бағасының өсу қарқынының төмендеуі жалғастырып отыр.
— Қыркүйекте азық-түлік тауары бағасы бір айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді. Дефляция екінші ай қатарынан байқалады. Нәтижесінде жылдық азық-түлік инфляциясы 8,5%-ға дейін бәсеңдеді (тамыздағы 9,5%-дан).
Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары (ӘМАТ) бағасының өсуін бақылау бойынша қабылдап жатқан шараларының арқасында ӘМАТ бағасының жылдық өсімі 1,8%болды, — делінген Экономика министрлігі хабарламасында.
Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бойынша баға жағдайы тұрақты болып қалады.
Азық-түлік емес инфляция жылдық мәнде 11%-ға дейін бәсеңдеді. Ақылы қызмет бағасының өсуі 8,9% деңгейінде сақталды.
Инфляциялық процестердің баяулауы аясында 2026 жылғы екінші тоқсанда халықтың нақты ақшалай табысы 0,7%-ға өсті.
Инфляция қарқынын одан әрі төмендету халықтың табысына бағаның өсу қысымын азайтуға ықпал ететін болады.
Айта кетелік елде азық-түлік инфляциясы 8,5%-ға дейін төмендегені туралы жазған едік.