Елде балалар онкологиясында заманауи емдеу әдістері енгізіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – ​​2025 жылы 58 трансплантаттау жасалды, оның ішінде 18 аутологиялық, 8 гаплоиденттік және 31 аллогендік трансплантаттау, соның ішінде 12-сі туыстық емес донорлардан жасалды.

Фото: ДСМ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық өңірлік бюросы (ДДҰ ЕӨБ) Қазақстан Республикасының Балалар обырымен күрес жөніндегі жаһандық бастамаға (Global Initiative for Childhood Cancer, GICC) басым елдер қатарына қосылу жөніндегі бастамасын құптады.

Бұл тізімге енгізілу, ДДҰ ЕӨБ тарапынан расталғандай, Қазақстанның онкологиялық аурулары бар балаларға көмек көрсету жүйесін дамытуға бейілділігін көрсетеді және ДДҰ мен оның әріптестері тарапынан елге неғұрлым үйлестірілген техникалық қолдау көрсету мүмкіндігін кеңейтеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 7 миллион бала өмір сүреді, бұл ел халқының үштен бірінен астамын (34%) құрайды.

ДДҰ Қазақстанның балалар онкологиялық көмегін ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейлерде нығайту жөніндегі күш-жігерін одан әрі қолдауға дайын.

ДДҰ сондай-ақ ел ішіндегі әріптестер үшін GICC саласындағы сараптамалар мен құралдарға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, жүйелі ынтымақтастық пен қолдауды жалғастырады.

Қазақстанның GICC басым елдері қатарына қосылуы 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ерекше символдық мәнге ие.

Жыл ішінде ҰПБХО құрылымында онкологиялық және гематологиялық аурулары бар 2500-ден астам бала ем қабылдады. Диагностика әдістері кеңейтіліп, емдеу хаттамалары жаңартылуда.

Соңғы жылдары жіті лейкоздарды емдеу кезінде ең төмен қалдық ауруды ПТР және ағынды цитофлуориметрия әдістерімен мониторингілеу, қан түзу жүйесінің аплазиясы бар балаларда ПНГ клонын анықтау әдістері енгізілді. Ағза сақтаушы операциялардың саны артып келеді.

2025 жылы 58 трансплантаттау жасалды, оның ішінде 18 аутологиялық, 8 гаплоиденттік және 31 аллогендік трансплантаттау, соның ішінде 12-сі туыстық емес донорлардан жасалды.

Сондай-ақ 2025 жылы сүйек ісіктері кезінде 8 буын эндопротездеу операциясы, ретинобластома кезінде селективті интраартериялық химиотерапияның 12 операциясы жүргізілді. Резекция жасау мүмкін емес гепатобластомасы бар 7 жаңа туған нәрестеге бауыр артериясының химиоэмболизациясы жасалды.

Айта кетелік туа біткен патологиядан болатын нәресте өлімі 15%-ға төмендеді