Дат ертегішісі Ханс Кристиан Андерсеннің 2 сәуірдегі туған күніне орай бүкіл әлем бойынша Балаларға арналған кітаптардың халықаралық күні атап өтіледі.
Осы күні Қазақстанның Жазушылар одағы Қазақмыс Тобымен бірлесе отырып, «Балауса» атты балалар әдеби шығармаларының байқауы жөнінде хабарлайды.
Жазушылар одағының өкілдері Қазақстандағы балаларға арналған кітаптар нарығының жағдайы туралы ақпаратпен бөліседі.
Байқау мақсаты - мемлекеттік тілдегі қазіргі заманғы балалар әдебиетінің дамуына жәрдемдесу, балаларға арналған шығармалар авторларына қолдау көрсету және балалар бойында отан сүйгіштік, білімқұмаррлық, оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Байқауға қатысатын шығармалар 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданатын болады. Байқау қорытындысы 2013 жылдың 2 сәуірінде жарияланады.