Ұлттық банктің 21 мамырдағы есебіне сәйкес, бір грамм алтынның бағасы 68 900,15 теңге болды.
Бір апта бұрын бағалы металл бағасының бір грамы 71 481,36 теңге болған еді.
Осылайша бір апта ішінде алтын бағасы 2 581,21 теңгеге төмендеді.
World Gold Council мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында әлемде алтынға деген сұраныс 2%-ға артып, 1 231 тоннаға жеткен. Бағаның күрт қымбаттауының нәтижесінде алтынға сұраныстың жалпы құны $193 млрд доллар болды.
Сұраныстың артуына алтын құймалары мен монеталарға салынған инвестиция әсер етті. Аталған салада сұраныс 42%-ға артып, 474 тоннаға жеткен. Бұл тоқсан ішіндегі екінші ірі көрсеткішке айналды. Алтынға қызығушылық танытқандар қатарында Азия инвесторлары көш бастап тұр.
Алтыннан жасалған әшекей бұйымдарға сұраныс 23%-ға түскен. Бұған металдың қымбаттауы себеп болып отыр. Сонымен қатар әлемнің орталық банктері алтын резервін арттырып, 4 айда 244 тоннасын сатып алған.
Айта кетелік әлемдік нарықта да алтын бағасы жоғары деңгейде сақталып отыр. Сарапшылар мұны АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімге қатысты жаңалықтардың күтілуімен байланыстырады.
Аударған: Дария Ғұмар