2026 жылғы тамызбен салыстырғанда (35 807) мәмілелер саны 1,1%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 248 – 20,5%) және Астана (6 119 – 17,3%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 540 – 7,2%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 280 мәміле (0,8%) тіркелген.
2026 жылғы тамызбен салыстырғанда ең жоғарғы өсім Түркістан (24,8%), Жамбыл (13,3%) және Жетісу (12,1%) облыстарында тіркелді. Ең үлкен төмендеу Қостанай (-10,2%), Қарағанды (-10,1%) облыстарында және Алматы (-5,7%) қаласында орын алды.
Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 2026 жылғы тамыздағы айымен салыстырғанда 2,2% (623 мәмілеге) азайды. 2026 жылдың қыркүйек айында пәтерлер бойынша барлығы 27 096 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 76,5%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (24,8%), Астана (22,1%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,8%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды – 10 434 мәміле.
2026 жылғы тамызбен салыстырғанда қыркүйекте жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 2,7% (222 мәмілеге) көбейді. Қыркүйек айында барлығы 8 310 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Ақтөбе (22,4%), Түркістан (18,3%) және Шығыс Қазақстан (16,6%) облыстарында тіркелді. Ең жоғарғы төмендеу Қарағанды (-12,5%), Ұлытау (-10,9%) және Павлодар (-9,2%) облысында байқалды.
2026 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 14,3% азайды (41 313-нен 35 406 мәмілеге дейін). Мәмілелер санының ең жоғары өсімі Түркістан (+24,7%) облысында байқалды, ең үлкен төмендеу – Астана (-29,2%) қаласында. 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 5,6% төмендеу байқалды.
Айта кетелік баспана кезегінде тұрғандар қандай жеңілдіктерді пайдалана алатыны туралы жазған едік.