«Туризм нарығына кәсіпкерлер көбірек келуі үшін инвестиция қажет. Инвестициялардың келуі қажетті инфрақұрылым жасауға ынталандырады. Бұл қазір министрліктің де, әкімдіктердің де жұмысының басты бағыты болып табылады. Бұл салалық Тұжырымдамада да жазылған. Мысалы, өткен жылы курорттық аймақтарда орналасқан туристік нысандарға апаратын 200 шақырымға жуық жол салынды. Бәсекелестік нәтижесінде сұраныс пен ұсыныстың теңгерімі болады, біздің халық күткен деңгейде бағалар да, біз күткен сапа да болады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары бар, оның ішінде «Kids Go Free» бағдарламасы, қонақ үй салған кәсіпкерге 10% өтемақы төлеу және т. б.