Елде еңбек кітапшасы кімге және не үшін қажет

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгінде еңбек кітапшасы қажет пе? Зейнетақыны есептеу үшін еңбек өтілін кім және қалай растауы тиіс? 

Зейнет жасына жақындаған азаматтар үшін еңбек кітапшасының қажеттілігі туралы сұрақ өзекті болып қала бермек.

Қазіргі таңда еңбек өтілі электронды форматта тіркеледі, алайда кейбір жағдайларда қағаз құжаттар да маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес, еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады.

— Егер еңбек кітапшасы болмаса немесе онда қажетті жазбалар жоқ болса, еңбек өтілі жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттармен немесе сот шешімімен белгіленеді. Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек қызметін растау ретінде міндетті зейнетақы жарналарының тұрақты аударымдарын көрсететін жеке зейнетақы шотынан алынған үзінді де қабылданады, — делінген БЖЗҚ мәліметінде. 

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда еңбек қызметінің электрондық есебі енгізілді.

— Еңбек шарттарының жасалуы мен бұзылуы туралы барлық мәлімет Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне автоматты түрде түседі. Еңбек кітапшасын сақтау қажет пе? Жоғарыда айтылғандай, еңбек кітапшасы базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілін растауға қажет болуы мүмкін, — делінген хабарламада. 

Айта кетелік қағаз нұсқадағы еңбек кітапшалары міндетті ме деген сауалға министр жауап берген еді