— Қазақстанда әуе кемелерін пайдаланатын 104 оператор жұмыс істеп тұр. Бүгінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе көлігі тізілімінде 973 әуе кемесі тіркелген. Елде 25 әуежай, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде 28 ұйым, 21 авиациялық оқу орталығы сертификатталған, — деді Майкл Дэниел Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 2025 жылы мен 2026 жылдың бірінші тоқсанында азаматтық авиация саласы субъектілеріне 1202 тексеру жүргізіп, 1234 сертификат пен куәлік берді.
— Осы тексерістердің нәтижесінде жеті әуе компаниясына қатысты сертификаттарды уақытша тоқтату немесе қайтарып алу жөнінде шешім қабылданды. Ал төрт авиациялық оқу орталығының жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар 8 аэродромға қатысты 15 шектеу енгізілді, — деді ол.
Бұған дейін қазақстандық әуе компанияларына Таяу Шығыстағы жағдай қалай әсер етіп жатқанын жазған едік.
2025 жылы қазақстандық әуе компаниялар 15 млн жолаушы тасымалдады. Биылғы алғашқы 4 айда жолаушылар саны 4 млн-нан асты.