2024 жылы келушілер саны бойынша кітапханалар көш бастады (55485,6 мың адам келуші), одан кейін кинотеатр (23 277,4 мың келуші), ойын-сауық және демалыс саябағы (15 598,1 мың келуші) мен мұражайларға (6665,4 мың келуші) барушылар көп болған.
2023 жылмен салыстырғанда келушілер саны зообақтарда 30%, концерттік ұйымдарда — 12,1%, мәдени-демалыс ұйымдарында — 11,5%, кинотеатрда — 10,9%, мұражайларда — 6,5%, театрларда –3,5% артқан.
Бұл ретте іс-шаралардың көпшілігін мәдени-демалыс ұйымдары (224,2 мың), театрлар (16,7 мың бірлік), ойын-сауық және демалыс саябақтары (8,7 мың), сондай-ақ концерттік ұйымдар (6,4 мың) өткізген. 2024 жылы демалыс және ойын-сауық саябақтары өткізген іс-шаралар саны 24%, цирктерде –13,5%, мәдени-демалыс ұйымдарында 8,8% өскен.
— Өңірлік бөліністе 2024 жылы кітапханаларға барушылардың басым бөлігі Алматы қаласы (5581,5 мың келуші), Солтүстік Қазақстан (4512,4 мың келуші), Түркістан (4083,7 мың келуші) және Ақмола (3722,2 мың келуші) облыстарында байқалған. Киноға барушылар саны бойынша Республикалық маңызы бар қалалар алда: Алматы — 7 844,6 мың келуші, Астана — 4027,8 мың келуші, Шымкент-1929,4 мың келуші. Мұражайларға барушылар саны Түркістан облысында (1170,1 мың келуші) және Астана қаласында (955,8 мың келуші) ең көп болған, — делінген хабарламада.