Елде несие беру қарқыны төмендеді

Фото: Кazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше халыққа берілетін кредиттер 2025 жылы 19,8%-ға 24,8 трлн теңгеге дейін өсіп (2025 жылғы желтоқсанда — 0,8%-ға өсу), 2024 жылғы 23,9%-ға өсумен салыстырғанда бәсеңдеген.

— Халыққа берілген кредиттер құрылымында ипотекалық кредиттер 2025 жылы 14,6%-ға 6,9 трлн теңгеге дейін, тұтынушылық кредиттер 21,0%-ға 16,7 трлн теңгеге дейін (2025 жылғы желтоқсанда 0,5%-ға өсу) өсіп, 2024 жылғы 33,5%-ға өсумен салыстырғанда бәсеңдеді, соның ішінде кепілсіз тұтынушылық кредиттердің өсуі 2024 жылғы 29,3%-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 14,5%-ға дейін баяулады. 

Қабылданған тежеуші шаралардың нәтижесінде жаңа кепілсіз тұтынушылық қарыздар берудің өсу қарқыны 2024 жылғы 22,6%-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,1%-ға дейін бәсеңдеді, — делінген хабарламада.

Бұл ретте тұтынушылық кредит беруді ұлғайтуға елеулі үлес автокредиттерге берілген кредит олар 2025 жылы 42,4%-ға өсіп, 4 трлн теңгеге жетті.

2025 жылғы желтоқсанда бизнес субъектілеріне ұлттық валютадағы кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 21,4% (2024 жылғы желтоқсанда — 19,7%), халыққа — 18,3% (2024 жылғы желтоқсанда — 17,0%).

Айта кетелік банктердің несие құрылымы инфляцияға қалай әсер ететіні туралы жазған едік