Елде өндірілген өнеркәсіптік өнімдердің көлемі төмен болды - статистика

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында республикада өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,1 пайызға азайды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Аталмыш уақыт аралығында өндіріс көлемінің төмендеуі республиканың 10 аймағында байқалды. Жалпы сомасы 44432,4 миллиард теңгенің өнімі шығарылды.

2009 жылдың қаңтар-шілде айларында 2008 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда өндіріс көлемі қайта өңдеу өнеркәсібінде - 9,7 пайызға, су, газ және электр энергиясын өндіру мен бөлуде - 6,0 пайызға азайды. Анағұрлым төмендеу машина жасау, химиялық өнеркәсіп және құрылыс материалдарының өндірісінде болды.