— «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 189-1-бабына сәйкес 2026 жылғы 6 қарашадан бастап жаңадан босаған 3 922 блок бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензиялар алуға өтініштер қабылдау басталады. Өтініштер Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы https://minerals.e-qazyna.kz/ арқылы қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде беріледі, — делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін Қазақстан 2026 жылы геологиялық барлау жұмыстарына арналған 112 учаскені электрондық аукционға шығаруды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев сирек металдарды барлау мен өңдеуді күшейтуді тапсырған болатын.