деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, биыл шегіртке зиянкестері 1 млн. 880 мың гектар аумаққа таралады деп болжануда. Соның ішінде итальяндық прус - 1146,1 мың гектар, азиялық шегіртке - 654,5 мың гектар, марокко шегірткесі - 80,1 мың гектар алқапқа таралуы мүмкін деп күтілуде.
Шегірткеге қарсы шараларды ұйымдастыруға ел бюджетінен қарастырылған 1 326,7 млн. теңгенің 771 миллионы - пестицидтерге, 4,8 миллионы - зарарсыздандыру өнімдерінің тасымалына, 548,7 миллионы химиялық зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуге жұмсалмақ.
«Бүгінгі күні облыстарға, жергілікті елді мекендерге шегірткелерге қарсы шаралар жүріп жатыр. Үйірлі шегірткелердің таралуын тежеу мәселесі толықтай шешілді», - дейді С. Хасенов. Шегірткелерді және олардың дернәсілдерін анықтау мақсатында ел бойынша 2696,0 мың гектар жерге мониторинг жасалды.
С. Хасеновтің айтуынша, Қазақстан шегіртке зиянкестеріне қарсы бірігіп жұмыс жасау мақсатында Қытаймен, Қырғыз Республикасымен, Ресеймен және Өзбекстанмен өзара ақпараттандыру және өзара көмек көрсету келісіміне қол жеткізген. «Шегіртке қаупі төнген кезде олар бізге хабар жібереді. Біз сол ақпаратқа сәйкес шұғыл әрекет жасаймыз», - деді ол.