Елде ішек инфекциясымен сырқаттану 2,2%-ға төмендеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда жыл басынан бері 7,4 мыңнан астам ішек инфекциясы тіркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі баспасөз қызметі.

Фото: ДСМ

2026 жылдың жеті айында Қазақстанда жіті ішек инфекциясының (ЖІИ) 7 459 жағдайы тіркелді. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сврқаттанушылық 2,2%-ға төмендеді.

— Жіті ішек инфекциялары жаз мезгілінде инфекциялық аурулардың өзекті топтарының бірі болып қала береді. Ауа температурасының жоғары болуы азық-түлік өнімдері мен суда инфекция қоздырғыштарының көбеюіне қолайлы жағдай жасап, жұқтыру қаупін арттырады. Ішек инфекциясымен ауырғандардың үштен бірінен астамын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, — дейді мамандар.

Тіркелген әрбір жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп, індетке қарсы іс-шаралардың толық кешені жүзеге асырылады. Негізгі міндет — инфекцияның таралуына ықпал ететін ықтимал факторларды анықтап, оның одан әрі таралуына жол бермеу.

ЖІИ таралуының негізгі факторлары ретінде ластанған азық-түлік өнімдері, сапасыз ауызсу және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамау қалып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі ішек инфекцияларынан қорғанудың ең тиімді тәсілі қарапайым профилактикалық шараларды сақтау екенін еске салады.

ЖІИ-дің алдын алу үшін:

  • қолды сабынмен үнемі жуу;
  • тек қауіпсіз ауызсуды пайдалану;
  • көкөністер мен жемістерді мұқият жуу;
  • азық-түлікті сақтау және дайындау ережелерін сақтау;
  • өнімдерді тек белгіленген сауда орындарынан сатып алу;
  • рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау ұсынылады.

— Аурудың алғашқы белгілері — жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы немесе дене қызуының көтерілуі байқалған жағдайда, дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, өз бетінше ем қабылдамау қажет, — деп ескертті ақ халаттылар. 

Бұған дейін Шымкентте 200-ден астам бала ішек инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.