Елде циклон әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 17–19 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Агибай Аяпберегнов / Kazinform

Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының төмендеуіне себеп болған антициклонның артынан еліміздің батыс, кейін солтүстік өңірлеріне жаңбыр, найзағай және екпінді жел алып келетін циклон жылжи бастайды.

Ал республиканың оңтүстігінде Өзбекстан аумағынан келетін жылы ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз, негізінен жылы ауа райы сақталады.