Елде тұман түсіп, жел күшейіп, үсік жүреді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейіп, үсік жүреді деп күтілуде.

Фото: Kazinform/ИИ

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 10... 12, түнде -6...-8 градус. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1–6, күндіз 7–12 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 11... 13, түнде 1... 3 градус. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 22... 24, түнде 8... 10 градус. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.