Қазақстанда туристік кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік қолдаудың жеті тетігі іске асырылып жатыр. 2022 жылдан бері қолданылып келе жатқан шаралар туристік нысандарды салу мен жаңғыртуға, көлік және жабдық сатып алуға, жол бойындағы сервисті дамытуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуді көздейді.
Сондай-ақ кәсіпкерлерге санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстау шығындарын өтеу қарастырылған. Бұл шаралар туристік инфрақұрылымды жақсартуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
Бұдан бөлек, 2024 жылдан бастап Қазақстанның Даму банкі арқылы туристік жобаларды жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. Оның аясында жылдық 7% мөлшерлемемен несие беру үшін 150 млрд теңге қарастырылған.
Бағдарлама ірі туристік кешендер мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Осыған дейін медициналық туризмге қатысты материал жариялаған едік. Оған сәйкес елімізде 4,5 мың шетелдік азамат ем алды.