- Қазіргі уақытта «е-Кино» жүйесі сынақ режимінде пайдалануда. Жүйеге 103 кинотеатрдың 68-і қосылған. 30,4 млн теңге кассалық түсім есепке алынды. 20 310 билет тіркелді, - деді министр.
Оның айтуынша, «е-Кино» – креативті салаларды цифрландырудың алғашқы қадамы.
- Бұл жүйе киноиндустриядағы ашықтықты арттыру, елімізде кассалық түсімдерді әділ бөлу міндеттерін атқарады.
«е-Кино» жүйесіне деректер кинотеатрлардың билет сату жүйесінен нақты уақыт режимінде түседі. Жүйе жекелеген сеанс пен фильм көрсетіліп жатқан өңір бойынша көрермендер саны мен кассалық түсімдерді бақылауға, билеттерді жүктеу үрдісін мониторингтеуге, кино көрсетілімдері мен түсімдерін жанр, тіл және өндіріс елі бойынша талдауға мүмкіндік береді, - деді Аида Балаева.
Еске салсақ, биыл балаларға арналған 5 әлемдік кинотуынды қазақша көрсетіледі.
Соның алғашқысы – «Ақшақар» туындысы 14 наурыз күні Алматыда көрсетіле бастады.