«2024 - 2028 жылдар аралығында 68 қалада кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жоспарланып отыр.
26 қалада жобалар мемлекеттік кепілдікпен микроқаржы ұйымдарының қарыздарын тарту есебінен іске асырылатын болады.
36 шағын қалада жобаларды іске асыру республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен жоспарланып отыр», - деді ол.
Оның айтуынша, келесі жылы 6 шағын қалада кәріз-тазарту құрылысы жоспарланған. Қазір сол жобалардың сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.
Агроөндіріс кешенінің ішкі қажеттілігін 100% қамтамасыз ету мақсатында 2028 жылға дейін аммиак, селитра, карбамид, аммофос сияқты қажетті минералды тыңайтқыштарды өндіру бағытталған 7 жоба іске асырылады», - деді Қайырбек Өскенбаев.
Фото: 3blaws.s3.amazonaws.com