Бұл туралы Finprom.kz жазды.
«Шығыс Қазақстан облысында бағалар бір жылда бірден 45,7% өсті. Одан кейінгі қымбат баға Маңғыстау (43,2%) және Түркістан (34,8%) облыстарында тіркелді. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында бағалар өзгерген жоқ. Ал Павлодар және Жамбыл облыстарында керісінше 14,2% және 22,2% төмендеді. Қаңтар айында авиакомпаниялардың кірістері 20,9 млрд теңгені болды. Яғни жылдық табыс 6,6% артқан. Кірістердің басым бөлігі әдеттегідей түрде жолаушылар тасымалына тиесілі – 20,4 млрд теңге. Жүк тасымалдаудан түскен табыс 534,8 млн теңге болса, әуе көлігін жалға беруден түскен табыс - 215 млн теңге болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40,8% төмен», - деп жазылған талдауда.
Finprom.kz-тің жазуынша, 2022 жылдың қаңтар айында Қазақстанның әуе компаниялары 527 мың адам тасымалдаған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 11% аз. Дегенмен жолаушылар айналымы бір жылда 0,6% өскен.
«Әуе көлігімен жүк тасымалдау саласында айтарлықтай төмендеу байқалды. Қаңтар айында жүк пен багаж тасымалдау көлемі бір жыл бұрынғы кезеңге қарағанда 53,2 немесе 1,2 мың тоннаға дейін қысқарды», -делінген сараптамада.