Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, аталмыш заң нормаларына талдау жұмыстары оның 26-шы бабының кәсіпкерлердің құқықтарын шектейтіндігін көрсеткен. Сонымен қатар аталмыш бап жеке құрылым болып табылатын «Ұлттық аккредитациялау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бақылау-қадағалау құзырын беріп отыр. Яғни аталмыш серіктестік сот шешімінсіз кәсіпкерлердің қызметін тоқтатуға құқылы», деді ресми өкіл.
Сондай-ақ ол Үкіметтің «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы типтік келісімін бекіту туралы» 2009 жылдың қараша айының 10-ындағы қаулысының кейбір нормаларының да толық жетілдірілмегендігін атап көрсетті. «Осының нәтижесінде, қазір 60-тан астам құрылыс салушылар 2,5 мыңнан астам келісімдерді жүзеге асыру құқына ие бола алмай отыр. Ал бұл өз кезегінде үлестік құрылыс нысандары құрылысының аяқталмауына әкеліп соғуы мүмкін», деді Н.Сүйіндіков.