13:09, 25 Мамыр 2009
Елдегі брокерлік-дилерлік компаниялардың рэнкингі жасалды ? «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі» акционерлік қоғамы
АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі» акционерлік қоғамы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы мен Қазақстанның қор биржасының мүшелері болып табылатын брокерлік-дилерлік компаниялардың ақпараттық, ашықтық және қолдану ыңғайлылығы көрсеткіштері бойынша рэнкингін жасады.
ҚазАқпаратқа бұл туралы орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады. Бұл амалды жасаудағы мақсат ? отандық брокерлік-дилерлік компаниялардың ақпараттық ашықтығына олардың веб-сайттары негізінде талдау жасау болды. Ең маңызды көрсеткіш ретінде - веб-сайт беттерінде компаниялардың өткен кезеңдегі қаржылық жетістіктері туралы мәліметтердің, сараптамалық материалдар мен интернет-трейдингтердің болуы негізге алынды. Компания менеджменті туралы мәліметтер мен заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжей тізіміне, тарифтер мен типтік шарттар туралы ақпараттарға ерекше назар аударылды. Талдау нәтижесі бойынша, барлық дерлік талаптарға сай келген «Асыл?Инвест» акционерлік қоғамының сайты тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған және ақпараты мол сайт деп танылды. «БТА Банк» АҚ-ның еншілес ұйымы» АҚ мен «БТА Секьюритиз» компаниясының сайттары екінші орын алса, «Компания CAIFC» мекемесінің сайты үшінші орынды қанағат тұтып отыр. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі бұдан бұрын ақпараттың ашықтылық деңгейі бойынша «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін компаниялардың ұжымдық басқару рэнкингін өткізген болатын. Ол зерттеу мақсаты ? «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ еншілес компанияларының ақпараттық ашықтылық дәрежесін анықтау, сонымен қатар озық тәжірибені енгізу арқылы іскерлікті жүргізудің айқындылығына жол ашу болды.