«Қазіргі уақытта Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту ұсынысы көтеріліп жатыр. Біз өз тарапымыздан, мешіт имамдары осыған қолдау көрсетіп, дауыс беріп жатырмыз. Өйткені Елбасымыздың Қазақстан үшін жасаған еңбегі орасан зор және де алға қойған мақсаттары да көп. Соның барлығын аяғына жеткізу үшін Президентке уақыт қажет»,- деді «Нұр Астана» мешітінің наиб-имамы Асхат Сәлімов агенттік тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Қазақстандағы бейбітшіліктің, бұлжымас толеранттылықтың басты негізін ҚР Президенті Н. Назарбаев қалады.
«Діни келісім, этносаралық татулық жағынан Қазақстан әлем елдері үшін үлгі болып отыр. Осынау жетістікке Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының даналығы арқасында қол жеткізілді. Негізгі идеялардың бастамашысы сол кісі болды. Ал халық оны қолдады»,- деп түйіндеді ол сөзін.