Елдегі дінаралық келісім мен толеранттылық сақталуға тиіс

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ата заңының абсолютті нормаларының бірі – зайырлылық. Еліміздегі дін аралық және ұлт аралық татулық мемлекеттің тұтастығының маңызды факторларының бірі. Сол секілді діни бірлестіктердің бір жерде ынтымақ пен сыйластықта өмір сүрулері басқа елдерге мақтанарлық жайттардан деп айтуға болады. Дінаралық толеранттылықтың және діни төзімділіктің сақталуы да мемлекеттің болашаққа нық қадам басуына бір кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдама бөлімдерінің бірінде көрсетілгендей, мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара іс қимылы қарастырылған. Дінге сенушілердің белгілі бір бөлігінің радикалдану деңгейін азайту, радикалды діни ағымдардың идеологиясына қарсы іс-қимыл, теологиялық тұрғыда олармен діни бірлестіктердің өзара жұмыс жасауы белгіленген. Қазіргі күні елімізде бұл жұмыстар белсенді түрде іске асырылуда.

Енді дінге сенушінің радикалдылыққа түсу жолдарының бірін қарастырар болсақ. Әрбір дін, адамның бақытқа жетуін көздейді. Әрине, әр діннің сенім жолдары әртүрлі болып келеді. Діннің бұйырған амалдарын орындап осы дүниеде немесе ақыретте бақытқа кенелу. Белгілі бір дінде кемелділікке жету үшін, діннің бұйырған әмірлері орындалуы керек. Кез келген дінге сенген және діннің міндеттеген амалдарын орындаушы, діни тұрғыда жақсы

әрі діндар адам болып саналуда. Демек кейбірінің белгілі бір дінге мүше болуымен, діннің бұйырғанынан ауытқушылық танытуда.

Қазіргі күні дін ұстанушыларын үш категорияға бөліп көрсетуге болады. Олардың бірі белгілі бір дінді қабылдай отырып, зайырлы және агностикалық сипат танытатындар болса, екіншісі дінге белсенді түрде сеніп, қоғамның дәстүрлі дінінде қалатын адамдар. Үшінші санаттағы адамдар өз дінінің үстемдігін дәлелдегісі келеді.

Бірінші категорияда болғандар қоғамда көпшілік топты құрауда. Екінші категорияда болғандардың да қоғамда қазіргі күні саны өсуде. Үшінші категориядағы көзқараста болғандар көбіне радикалдылық немесе маргиналдылықпен сипатталуда. Сонымен қоса қоғамда азшылық топқа ие.

Әрбір діндегі адам өзінің ұстанған бағытын ақиқатпен дәріптейді. Осы мақсатта елдегі дінаралық келісім мен толеранттылық сақталуға тиісті.

Әл-Фараби атындағы ҚҰУ философия және саясаттану факультеті

дінтану және мәдениеттану кафедрасының

аға оқытушысы Нұржан Абдуллаев

Соңғы жаңалықтар