Күн тәртібіне Қазақстандағы діни жағдай, көші-қон және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері енгізілді.
Алғашқы мәселе бойынша фисолософия ғылымдарының докторы, профессор А.Г.Косиченко және саясаттану ғылымдарының кандидаты Ш.А.Әмірбеков баяндама жасады. Сарапшылар кейбір діни ұйымдардың қызметіндегі келеңсіз үрдістермен байланысты қауіптер мен проблемаларға назар аударды.
Екінші мәселе бойынша саясаттану ғылымдарының докторы Е.К.Әлияров пен әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Г.Т.Елеуова баяндама жасады. Пікірсайыс барысында ғалымдар демография мен көші-қон саласында оң өзгерістермен қатар келеңсіз факторлар да орын алып отырғанын атап көрсетті.
Отырысты қорытындылай отырып, Сараптама кеңесінің төрағасы Марат Тәжин елдегі діни жағдайға кешенді талдау жасау және көші-қон мен демографиялық саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу қажет екенін атап көрсетті.
ҚР Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптама кеңесі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ғылыи-әдістемелік ұсыныстар әзірлеу мақсатында ғылыми, сараптамалық зерттеулерді орындайтын ғылыми-кеңесші орган. Кеңес мүшелері - ғылыми-зерттеу орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жетекші ғалымдар, талдамашылар.
Сараптама кеңесінің талқылауы барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар берілді, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің жұмысында пайдаланылатын болады.