Бұл туралы бүгін жаңа ұжымымен Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов таныстырғаннан кейін сөз алған Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров айтты.
«Мемлекет басшысына және Кәрім Қажымханұлы сізге сенім артқандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Біз көрсетілген сенімді ақтауға тырысамыз. Біз елдегі экологиялық ахуалдың тұрақты болуы үшін барлығын жасайтын боламыз», - деді Н.Қаппаров.
Өз кезегінде Үкімет басшысы оған жаңа қызметінде табыстар тілеп, Елбасының тапсырмаларын мүлтіксіз орындайтындығына сенім арта келе: «Бұл жердің ұжымы мығым, жинақы, айтарлықтай жақсы жұмыс істейді, Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Үкіметтің шешімдерін орындайды. Сондықтан да сізге жаңа жұмыс орныңызда табыс тілеймін», - деді.